8 «А» сыныбында «Суды үнемде – болашақты сақта» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатында біз суды үнемдеуге қатысты мәселелерді және суды үнемдеу үшін әркім не істей алатынын талқыладық. «Суды үнемдеу туралы не білеміз?» деп тест тапсырдық.
6 «В» сыныбында «Эмоционалды интеллект — қарым-қатынастың негізі» тақырыбында сынып сағаты өтті. Пайдалы және қызықты кездесуді тәрбие жұмысының меңгерушісінің орынбасары Аманжолова Қымбат Серікқызы өткізді. Оқушылар эмоционалды интеллект дегеннің не екенін, өз эмоцияларын танудың және басқарудың қаншалықты маңызды екенін, сонымен қатар басқа адамдардың сезімдеріне құрметтілікпен қарауды үйренді. Өмірлік жағдайлар талқыланып, ой алмасылып, өздеріне де, қоршаған адамдарға да дұрыс қараудың жолдарын үйренді.