2025 жылғы 25 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Меңдіқара ауданы білім бөлімінің «А. Чутаев атындағы Боровская мектеп-гимназиясы» КММ-де мектеп педагогтеріне арналған «Оқушылар арасында қауіпсіз әрі қолдаушы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Педагог-психолог кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселесін ашып көрсетті. Ол триггерлерге, қорғаныш факторларына, қауіп факторларына, сондай-ақ аутодеструктивті мінез-құлықтың себептері мен салдарына тоқталды. Сонымен қатар күйзеліс жағдайында балаға қалай қолдау көрсету керектігін түсіндірді. Педагогтерге эмоционалдық жайсыздықты бастан кешіріп жүрген оқушыларға қамқорлық таныту, өз сезімдерін жеткізуге қиналатын балаларға қолдау көрсету және қиын кезеңді бастан өткеруі мүмкін оқушыларға назар аудару қажеттігін атап өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен әлеуметтік педагог буллинг пен кибербуллингтің алдын алу тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында буллинг және кибербуллинг ұғымдары түсіндіріліп, олардың жанжал мен кәдімгі ұрыс-керістен айырмашылықтары жан-жақты қарастырылды. Соңғы уақытта қарапайым реніштерді буллинг ұғымымен шатастыру жағдайлары жиі кездесетіндіктен, бұл мәселеге ерекше назар аударылды.
Буллинг — мектеп ортасында бір баланың екінші балаға қасақана және жүйелі түрде қысым көрсетуі, қорлауы немесе психологиялық тұрғыдан кемсітуі.
Сондай-ақ педагогтер оқушылардың мінез-құлқындағы назар аударуды қажет ететін белгілерге тоқталды:
-
оқушының мінез-құлқының күрт өзгеруі (тұйықталу, мазасыздық, агрессия);
-
нақты себепсіз денсаулығына шағымдану;
-
мектепке барудан немесе қарым-қатынас жасаудан қашқақтау;
-
телефонды немесе интернетті пайдаланудан бас тарту.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары буллингтің алдын алудағы педагогтердің рөліне ерекше тоқталды. Педагогтер ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, балалардың қарым-қатынас жасау, өзара құрмет көрсету және эмпатия дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Семинар барысында мектеп педагогтеріне төмендегідей ұсыныстар берілді:
-
ата-аналарды алдын алу жұмыстарына тарту;
-
баламен сенімді қарым-қатынас орнату;
-
оның эмоционалдық жағдайындағы өзгерістерге мұқият назар аудару;
-
интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіру;
-
қиын жағдайлар туындаған кезде баланы айыптамай, оған қолдау көрсетіп, көмек беру.
Қорытындылай келе, әрбір бала өзін қауіпсіз сезінетін, өзара құрмет, қолдау және ашық қарым-қатынас орнаған мектеп ортасын қалыптастырудың маңызы зор. Мұндай орта оқушылардың психологиялық саулығын сақтауға және олардың үйлесімді дамуына ықпал етеді.





